«ТМД халық шаруашылығы және мәдени мұрасы жылына»

Жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен «ТМД халық шаруашылығы және мәдени мұрасы жылына» арналған олимпиаданы Азаматтық авиация академиясы ұйымдастырды. Олимпиадаға Физика пәнінен университеттің Жалпы медицина, Фармация мектептерінің 1 курс студенттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
1. ФӨТ21-012-2 топ студенті Жаңбырбай Р. -II орын (жетекшісі Байдуллаева Г.Е.);
2. ЖМ21-12-2 топ студенті Әсентай М. -II орын (жетекшісі Абдрасилова В.О.);
3. ФӨТ21-025-2 топ студенті Құттыбай М. -III орын (жетекшісі Алмабаева Н.М.).
Сонымен жетекшілер де Алғыс хатпен марапатталды.