Тілдік пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Республика күніне арналған «Республика күні-Ұлттық мереке» атты танымдық-тәрбиелік кеш өткізілді

Тілдік пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Республика күніне арналған «Республика күні-Ұлттық мереке» атты танымдық-тәрбиелік кеш өткізілді. Кеш ән ұранды орындаумен басталды.

Кешті өткізудегі негізгі мақсат – болашақ жастарымызды Отанын, елін сүюге, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлей білуге тәрбиелеу.

Доцент Зайсанбаев Т.Х. құттықтау сөз сөйледі.

Жүргізуші жалпы медицина мектебінің 2 курс студенті Есқайрова Гүлназдың қабарлауымен  Абдылдаева Әлия «Ерке сылқым» күйін шертті, 2 курс студенті Досанов Диастың орындауында  «Байтақ елім» әні шырқалды. Мың бұрала билеген қыздарымыз Рахманова Жанай, Искакова Мадина, Сұлтанбекова Анелдер «Шаттық биін» билеп, көпшіліктің қошаметіне бөленді. Студенттер Рақат, Наиль, Лиза, Мустафа, Вакиль, Шұғыла, Анжела, Назеркелер мемлекеттік рәміздеріміз бен ұлттық мерекеміз туралы өлең шумақтарын жатқа айтып жұртты тәнтті етті. Тілдік пәндер кафедрасының доценті Зайсанбаев Төлеубек Кизатұлы Сәкен Сейфуллиннің  «Тау ішінде» әнін орындап, кешті жандандырып жіберді.

Қазақстан – туған Отан алтын бақ, Қазақстан – мейірлі ана, дос қымбат.
Қазақстан – бізді туған Ұлы Отан, Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.
Қазақстан – көпті көрген қария, Жайнай берсін, жайнай бер сен мәңгілік!

Кеш соңында Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әні орындалып, Еліміздің туы желбіреді. Кешті ұйымдастырушылар доцент  Абдисулейменова Р.Ш.,     лектор  Қуанышбаева Ш.С., доцент  Исаева Ж.Т. көпшілікке алғыстарын білдірді.

Туған жеріміздің тұғыры биік болсын!