Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 29 жылдығына арналған «Тәуелсіздік- тәңірден келген тәтті сый!» – атты мерекелік іс-шара өткізді.

Ішкі аурулар кафедрасы Ішкі аурулар пропедевтикасы курсы
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 29 жылдығына арналған
«Тәуелсіздік- тәңірден келген тәтті сый!» – атты мерекелік іс-шара өткізді.

 

Биыл еліміздің баянды Тәуелсіздігіне 29 жыл толып отыр. Тәуелсіздік біздің ең басты құндылығымыз. 1991 жыл 16 желтоқсан –тарихымыздағы қастерлі ұлы күн. Бұл күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік, бірлік, тұрақтылық, гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасты. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді. Азаттық үшін күресте талай қиындықтарды басынан кешірді. Тәуелсіздік –  қандай қасиетті ұғым! Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай-талай қиындықтарға қарсы тұрған Тәуелсіз мемлекетіміздің бірте-бірте еңсесін тіктеп, тұғырын биіктеп, тамаша табыстарымен жігіт  жасына жетіп отыр. Тәуелсіздігімізді алып, өркениетті елдердің қатарына қосылып жатырмыз. Тәуелсіз елімізде еркін тыныстап, мемлекетіміз гүлдене бермек!

Жалпы медицина мектебінің 3 курс студенттері мен Ішкі аурулар кафедрасы Ішкі аурулар пропедевтикасы курсы оқытушыларының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 29 жылдығына арналған «Тәуелсіздік- тәңірден келген тәтті сый!» – атты мерекелік іс-шара 15 желтоқсан күні сағ 11.00 онлайн форматта өткізілді. Студенттеріміз жас та болса, осы маңызды күнді кафедра аясында атап өтіп, тарихымызға бір шолу жасап, өткенді еске алуға атсалысып, белсенді қатысты. Келешекке деген сенімдерінің мығым екендігіне, елінің нағыз патриот, жанашыр білікті дәрігер маман болып шығатынына ұстаздар да кәміл сенім, үлкен үміт артады!