3 курс жалпы медицина факультетінің 313 топ студенттерімен “Ұлттық рухани жаңғыру” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Жақында патологиялық физиология кафедрасында кафедра доценті В.М Сабырахметова 3 курс жалпы медицина студенттерімен Елбасымыздың “Болашаққа бағдар: «Ұлттық Рухани жаңғыру” атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс шараға кафедра оқытушылары мен эдвайзерлік топ студенттері қатысты.

Шараның мақсаты – студенттерді «Ұлттық Рухани жаңғыру» бағыттарымен таныстыру.

Жалпы медицина факультетінің 313 топ студенттері Исатай Шолпан және Тұрлыбай Бағлан «Ұлттық Рухани жаңғыру» тақырыбында презентация дайындады.

«Ұлттық Рухани жаңғыру» жобасы бірнеше бағыттан тұратыны,  соның ішінде жастарға арналған үшінші бағыты «Тәуелсіздік ұрпақтары», яғни сапалы және қолжетімді білім беру, жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жастардың жан-жақты дамуына құқықтық жағдайлар жасап, рухани адамгершілік және отбасылық құндылықтарға баулу туралы презентация дайындады.

Студенттер арасында ой сергіту мақсатында сұрақ-жауап ойыны өткізілді (викторина). Дұрыс жауап берген студенттерге кішігірім сыйлықтар тарту етілді.

Шара соңында кафедра меңгерушісі М.К.Балабекова «Ұлттық Рухани жаңғыру» жобасының жастарға сапалы білім беру, ғылыми бағытын айқындау, жаңашыл идеяларын қолдау, оларды жұмыспен қамту мәселесі жолға қойылғанын және ол жобаның жастар үшін маңыздылығын атап көрсетті.