Халықаралық денсаулық күніне орай «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында өткізілген дөңгелек стөл туралы

ЕСЕП

2022 жылы сәуір айының 7 күні 119 аудиторияда сағат 9.00 да Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында, 1 курс П21-003-2 тобының және 1 курс ҚДС 21-002-1; ҚДС 21-001-2 топтарының студенттерінің қатысуымен дөңгелек стөл өткізілді. Ис шараның басында аға куратор Абиырова Назым Бейсеновна өз сөзімен бастап, іс шара туралы ақпараттар беріп, іс шараның мақсатымен таныстырды. Дөңгелек стөлге кафедра ПОҚ (Ахмад Н.С., Искакова Л.А., Абиырова Н.Б., Дармен Н.Ж., Курбаниязова С.С., Келимбетова Ж.Т.) қатысты. Ис шараның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, өмір сүру ұзақтығын арттыру, дұрыс тамақтануды насихаттау болып табылады. Дөңгелек стөлде дұрыс тамақтану, оразаның пайдасы тақырыптарында презентациялар таныстырылды, викториналық сұрақтар қойылды, денсаулыққа байланысты мақал мәтелдер айтылды, сонымен қатар денсаулық сақтау мекемелерінің жұмыстары туралы да ақпараттар берілді.