Оқу-әдістемелік жұмыс

Кафедрада тәжірибелік жұмыс пен СӨЖ жүргізу үшін «Ішкі аурулар» пәні бойынша (кардиология, пульмонология, гастроэнтерология, ревматология,  нефрология, эндокринология) «Жалпы Медицина» мамандығының  4 курс студенттеріне арнайы 2017 жылғы ГОСО сәйкес 3 тілде ОӘҰ құрастырылған.

Тәжірибелік сабақтар мына клиникалық базаларда өтеді: №1 Қалалық клиникалық аурухана, Алматы облыстық клиникалық көп салалы аурухана,  Қалалық кардиология және ревматология орталығы, №7 Қалалық клиникалық аурухана.

Жыл сайын професорлар-оқытушылар құрамы педагогикалық білімдерін жетілдіріп отырады. 2015 – 2016 оқу жылында Насыбуллин атындағы педагогикалық шеберлік мектебінде Хайдарова Ю.М., Усипбекова М.И. тестология бойынша біліктіліктерін жетілдіріп, сертификаттарға ие болды.

2016-2017 оқу жылында «Тиімді оқытушы» циклі бойынша – Садыкова Ш.С., Гуламова Г.М., Койшыман К.Ж., Шаметова А.Н., Аскарова Г.А., Желдыбаева А.Е., Калиева К.Б. білімдерін шыңдады.

2017 жылдың қысқы демалысында коммуникативті дағдылар және эффективті оқытушы циклдері бойынша көптеген жас мамандар біліктіліктерін жоғарылату және оқу үрдісіне жаңа әдістерді енгізу мақсатында білім алды.

Кардиология, гастроэнтерология, гематология, эндокринология пән блоктары бойынша жаңа жобалар (ТBL, PBL, рөлдік ойындар) құрастырылды және енгізілді.