Коммуникативтік дағдылар, психотерия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы және Дж. Драпер атындағы коммуникативтік дағдылар орталығының халықаралық іс-әрекеті. Россияның Екатеринбург қаласына визитинг.
С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті және Орал мемлекеттік медициналық университеті өзара байланыс орнату туралы Меморандумға 2014 жылдың маусым айында қол қойды. Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласындағы медициналық университет базасында коммуникативтік технологиялар орталығын құру, визитинг-профессор оқу-білім беру іс-әрекетінің жоспары құрылып, бағдарлама жазылды.
Аталған бағдарлама «Медициналық ЖОО-да қоғамдық денсаулық сақтау мамандарының коммуникативтік дағдыларының негізгі жолдары мен қағидаларын қалыптастыру» деп аталады, оны Дж.Драпер атындағы КДО-ның жетекшісі профессор Марат Абубакриевич Асимов және кафедра ассистенті Даурен Хизатовия Дощановпен бірлесіп құрастырған, коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасының отырысында қарастырылды.
«Дәрігер-науқас», «дәрігер-туысы-науқас», «дәрігер-мейірбике» және «дәрігер-дәрігер» эффективті қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға бағытталған бағдарлама.
Жұмыс бағдарламасының құрылымында негізгі коммуникативтік дағдылардың теоретика-методологиясы қарастырылады, құрылымы ашылады және білім алушылардың коммуникативтік біліктілігін және коммуникативтік дағдыларының этаптарын қалыптастыру, осы күні барлық дамыған мемлекеттерде психологтарға, коммуникативтік дағдыларды және коммуникативтік технологияларды игеруі қажет.
Бағдарлама 2014 жылдың 09-15 қараша айында, Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында 2 сағаттан дәріс және 4 тренингтік сабақ, 18 сағат өзіндік жұмыс ретінде өткізілді.
Сабақ интерактивті оқыту формасында жүргізілді: лекция-дискуссия, рөлдік ойындар, жағдайды моделдеу, шағын топпен жұмыс, стандартталған науқасты қолдану және т.б.
Пәнді оқыту барысында білім алушылар коммуникативтік біліктілікті қарастырып, тиімді партнерлік қатынас орнатуға, ал келешекте университеттер арасындағы визитинг-профессор бағдарламасының жұмыс сапасын жақсарту үшін серіктестікті жалғастыруды ұсынды.