Медицинадағы жасанды интеллект

2026 жыл 15 мамырда С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында  Гонконгтан келген визитинг-профессор Құлмағанбетов Мұхит Асқарұлының «Медицинадағы жасанды интеллект» тақырыбында дәрісі өтті. Доктор Құлмағанбетов Мұхит өзін офтальмологияның бес негізгі бағыты бойынша дамуға ұмтылатын көпсалалы медицина маманы ретінде танытты: клиникалық тәжірибе, ғылыми зерттеулер, академиялық білім беру, көшбасшылық және кәсіпкерлік. Мұхит Асқарұлының  миссиясы – жасанды интеллект, робототехника және кванттық есептеулер секілді озық технологияларды қолдану арқылы көру ғылымына инновацияларды енгізу.