Биылғы жылы ЮНЕСКО-ның аясында Алматының 1000-жылдық мерейтойын атап өту жарияланды.
Осыған орай 6-желтоқсан күні биохимия кафедрасының ұжымы «Жалпы медицина» факультетінің 2-курс студенттерінің көмегімен «Алматының 1000 жылдығы» туралы университеттік мерекелік іс-шара өткізді.
Бұл шара 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесінің құрметіне де арналды. Себебі Тәуелсіздіктің қуанышы осы Алматы қаласында алғаш жарияланған еді.
Мерекелік кешке шақырылған Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Петрова Апьбина Анатольевна орта ғасырлық ұстахана, дайын бұйымдар, кетпен, соқаның тісі, балқыған металл құятын шөміш пен су құятын құмыра табылған археологиялық олжалар Алматының тарихын едәуір ұзартып, оны Шығыстың көне қалаларының қатарына қоятындығын айтты(1-сурет). Сонымен қатар Алматының астана ретінде 60-90-шы жылдарында архитектурасы дамыған көрікті жерлерінің қалай тұрғызылғандығын және қаланың өркендеуін көрсетті және мәдениет пен өнердің орталығы болғандығын баяндады.
Алматы қаласы Алатаудың етегінде орналасқан. Алматы бізге тәп-тәтті алмаларымен белгілі. Алматынын алмасы туралы анызды 004-1 топтын студенті Басимбекова Улмекен айтты(2-сурет).Ал сол Алматының алмасына жерік болған бір ханның ханшасы туралы аңызды 016-1 топтың студенттері юморлық қойылыммен көрсетті(3-сурет).
Сол көне және кәзіргі дамыған қаланың үнін студенттер домбыра тарту, Қара жорға биі, халық әндері, видео көріністер жәнеюморлық қойылымдар арқылы жеткізді(4,5,6-суреттер). Кафедра тьюторларының студенттермен Алматының әртүрлі ғимараттарының алдында түскен суреттерінен қандай ғимарат екендігін табу викторинасы ұйымдастырылып, тапқан студенттерге сыйлық берілді.
Кештің өткізілуін биохимия кафедрасының меңгерушісі К.О.Шарипов (7-сурет)қорытындылай келе осы мерекелік шараға қатысқан қонаққа және студенттерге алғысын білдіре келе Атам қазақ аңсаған қария Алатауы
бар Алматының тәуелсіздіктің 25жылында атқарған жетістіктеріне тоқталды. Соның ішінде Қазақстан жастарының білімдерін жоғарылату үшін құрылған «Болашақ» бағдарламасына биыл 20 жыл толатындығын, қаншама сол бағдарламен оқып келген жастардың егемендікке үлес қосып жатқандығын және онда оқи алмаған 300 студенттердің шетелде университеттен шығарылғандығын айта келе студенттерге білімге құмарлықты арттырыңыздар деген тілек білдірді. Көркем табиғатымен, еліктіргіш іс-шараларымен сүйікті қаламыздың жан-жақты дамып, гүлдене беруін, болашақ дәрігерлерге мейірімді жүрек, мықты денсаулық тіледі.
Биохимия кафедрасының доценті А.Е.Есімжан