Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы өткізген студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысы бойынша ақпарат.
Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасының оқытушысы Шайхина Еркетай Тлектесовнаның ұйымдастыруымен 23 және 24 қаңтарда шет ел студенттері, педиатрия факультеттеріндестуденттің ғылыми – зерттеу жұмысы бойынша конкурстың II кезеңі өткізілді. Конкурсқа шет ел студенттері факультеті бойынша 10 кафедра, педиатрия кафедрасы бойынша 13 кафедра қатысты. Аталған кафедралардан 1,2,3,4,5,6 курс студенттері және интерндер ғылыми – зерттеу жұмыстарын қорғады. Көп жұмыс дайындаған шет ел студенттері факультеті бойынша «Латын тілі» кафедрасы болды.
Конкурс барысында әр факультет бойынша 1 дәрежелі дипломмен -1, 2 дәрежелі дипломмен – 2, 3 дәрежелі дипломмен – 3 студенттің жұмысы марапатталды. Және 9 номинация бойынша да жұмыстар марапатталды. Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасынан аға оқытушы Ш.С.Марданованың жетекшілігімен 1 курс студенті Иматаев Бахтияр «Исследование интеллектуальных способностей студентов 1 курса КазНМУ» тақырыбында, 1 курс студенті Аршидинова К. «Одиночество как психологическая проблема в среде студентов 1 курса» тақырыбынды, 1 курс студенттеріі Конарбаева Э., Кадырова К. «Влияние социальных сетей на развитие коммуникативных способностей студентов 1 курса», аға оқытушы, п.ғ.к., Мадалиева С.Х.жетекшілігімен 1 курс студенттері Белявская В., Абилхас А., Иманкулова Ж.«Профотбор, направленный на мед.специалисты» тақырыбында,5курс студенттері Султанбекова А., Тактыбаева А.«Взаимосвязь реакций дезадаптации с соматическими расстройствами у учащихся 11-12 лет»тақырыбында, 5курс студенттері Хамардинова К., Бегимбет Л.«Выявление суицидального риска у подростков 14-16 лет» тақырыбында, кафедра ассистенті Курбанова А.О., жетекшілігімен 1 жыл интерні Касымжанова М. , «Уровень эмпатии и копинг механизмов у студентов КазНМУ» тақырыбында, аға оқытушы Кожамжарова К.О., Кашаганова К.Т., жетекшілігімен1 курс студенттері Райымжанқызы Ә., Күзенбай Э., «С.Ж.Асфендияров ат.ҚазҰМУ студенттерінің оқу барысында қалыптасқан стрестік күйінің психологиялық ерекшеліктері» тақырыбындағылыми – зерттеу жұмыстарын дайындады.
Мадалиева С.Х.жетекшілік еткен студенттер 2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. Марданова Ш.С.жетешілігіндегі студенттер 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Коммуникативтік дағдылар, психотерапия
негіздері, жалпы және медициналық
психология кафедрасы,«Шет ел студенттері»,
«Педиатрия» факультеті бойыншаСҒЗЖ бойынша
жауапты, оқытушы Е.Т. Шайхина