Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы мен Джулия Драпер атындағы коммуникативтік дағдылар орталығының халықаралық қызметі. Ресей, Ярославль қаласындағы визитинг.
«Медициналық (клиникалық) психология: тарихи дәстүрлері және заманауи тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция туралы
2014 жылдың 2-4 қазанында Ярославль мемлекеттік медициналық академиясында ресейлік және шетелдік әріптестермен бірігіп алғашқы рет «Медициналық (клиникалық) психология: тарихи дәстүрлері және заманауи тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның құрылтайшылары: Ресейлік Психологиялық Қоғам; Ярославль мемлекеттік медициналық академия (Ярославль); С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, педиатрия оқу департаменті (Алматы); Орталық Азиядағы Американдық университет, психология бағыты (Бішкек); Орал мемлекеттік медициналық университеті, емдеу-алдын алу факультеті (Екатеринбург); А.А. Богомольц атындағы ұлттық медициналық университеті, медициналық-психологиялық факультеті (Киев); П.Страдыня атындағы Рига университеті, реабилитация факультеті (Рига); П.Г. Демидов атындағы Ярославль мемлекеттік университеті, психология факультеті (Ярославль).
Конференцияның мақсаты – денсаулық сақтау мен қоғамдық өмірдің әртүрлі саласындағы өзекті медициналық мәселелерді шешудің жолдарын іздеу және талқылауда ғылымның пайда болуындағы тарихи тәжірибеге сүйену.
Конференцияның жұмысында 7 елдің өкілдері, Ресей мен жақын шет елдегі 25 қаладан, 9 арнайы ғылыми-зерттеу орталықтарынан, 34 оқу орындық ғылым орталықтарынан және 15 денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік көмек мекемелерінен 128 маман қатысты.
Баяндаушылардың сөздері медициналық психологияның тарихына, әдістемелік мәселелерді талдауға, медициналық психологтардың қоғамдағы тәжірибелік қызметінің өзекті мәселелеріне арналды.
Конференцияда «Қазіргі Ресейдегі клиникалық психология тәжірибесі мен методологиясы, теориясы және қалыптасуының өзекті мәселелері» деген тақырыппен Ресей Федерациясының денсаулық Министрлігінің медициналық психология жөніндегі бас маманы, Ресейлік психологиялық қоғамының Президенті, Ресейлік білім беру Академиясының академигі, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті психология факультетінің деканы, психология ғылымдарының докторы Ю.П. Зинченко баяндама жасады. Баяндаушы кәсіби қауымдастықтың қауіпсіздікпен, терроризммен, психологиялық тәуелділікпен, дағдарыстық жағдайлармен, трансплантология мәселелерімен, биоэтикамен байланысты жағдайларды тәжірибелік шешуге қатысуының маңыздылығы туралы сөз қозғады.
Қазақстан Республикасының атынан конференцияға С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасының меңгерушісі, медициналық ғылымдар докторы, профессор М.А.Асимов және аға оқытушы Ш.С. Марданова қатысты. «Қазіргі дәрігерлердің коммуникативтік біліктілігін қалыптастырудың психологиялық негіздер» атты баяндамасында Ш.С.Марданова болашақ дәрігерлердің кәсіби қарым-қатынасқа арнайы даярлауды ұйымдастыру бойынша қазақстандық тәжірибе туралы әңгімелеп берді, дәрігер мамандардың коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру моделімен таныстырды.
Конференцияның қаулысында Ресейдегі медициналық (клиникалық) психологияның қалыптасу тарихы бойынша зерттеулерді дамыту қажеттігі; ғылыми және тәжірибелік жобаларды жүзеге асыруда Интернет-ресурстарды барынша қолдану; «медициналық психология» бағыты бойынша шешім қабылдауға қатысатын мамандардың сараптамалық базасын кеңейту қажеттігі; тақырыптық конференциялар ауқымында кәсіби қауымдастықтың кездесулерін жиі өткізу.
Қазіргі кезде қазақстандық қауымдастықта ауруханалардың тек психиатриялық клиникаларда ғана емес, сонымен қатар онкологиялық, кардиологиялық, хирургиялық, инфекциялық бөлімдерінде, стоматологиялық клиникаларда медициналық психологтардың қажеттігі айқын көрініс беруде. Өкінішке орай, Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындары бакалавриат деңгейінде медициналық психологтарды даярламайды, сондықтан бұл конференцияға қатысу бір жағынан тәжірибе және медициналық психологияның өзекті мәселелерімен танысуға мүмкіндік берді.
Аға оқытушы Марданова Ш.С.