Ұлылардың сөзі: «Дінмұхамед Қонаев:»«Музыка – адамзаттың әмбебап тілі ғой. Ол біздің жан – дүниемізді байытып, әсіресе, ұлттық сана – салтымызға баулитын сиқырлы күш. Мен Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын тыңдаған сайын осындай ойға қалам» |
2017 жылдың 7 желтоқсан күн қызыққа толы күн болды. Жалпы медицина факультетінің 17-016 мен 17-021 топ студенттері қалыпты анатомия кафедрасының тәлімгерлерімен Балапанова А.А., Каналиева Л.М. және Наккажина С.Х. бірге Нұрғиса Тілендиев атамыздың қара шаңырағына барып қайттық. Медицинада оқитын жастар үшін өнер жағы әрдайым қызық емеспа? Қазақтың маңдайына біткен жұлдызы, өнер майталманының өмірінен сыр шертіп, біраз мағлұматтар білдік. Оның ұстаған әрбір заты мұражай экспонатына айналған, ал музыкалық туындылары арнайы сақталған басты көрнекеліктер. Ұлы адамның үйінде болып қонақ болған секілді, әрбір қабырғасы бізге ыстық көрінгендей. Музыка майталманы үйінің әрбір бөлігі музыкалық туынды секілді. Шығармашылықпен айналысқан бөлмесі әрине қызық, есімізге бірден «Отырар сазы», оркестрін түсіргендей. Сансыз күйлері, фортепиано, сырнай тағы да басқа аспаптары тіпті өз отбасының мүшелері сүйікті жары, қызы және ұлына сыйға тартқан домбыралары экспонат күйінде қорғалып тұр. Мұндай өнер үшін жаратылған ұлы тұлғаның есімі халық жадынан ешқашанда өшпейді. Біз өнер тарихында есімі алтын әріппен жазылған ұлы тұлғаның өмірінен қысқаметражды фильм көргендей барлық мәліметтерді біліп, көріп қайттық. Бізге қызықты күн сыйлағаны үшін ұстаз тәлімгерлерімізге алғысымыз шексіз.
Жансая