«Салауатты Қазақстан»

Ел болам десең бесігіңді  түзе деп ата-бабаларымыз айтып кеткендей, тәрбие тал бесіктен басталатыны бәрімізге мәлім. Осы  күнге дейін жасалған тәрбиелік мақсаттағы іс-шаралардың жалғасы ретінде бүгінгі күніС.Ж.Асфендиаров  атындағы Қазақ Ұлттық Медицина  Университетінің  жалпы медицина факультетінің студенттік деканатының және Жүйке аурулар кафедрасының  ұйымдастыруымен «Салауатты Қазақстан» атты тақырыпта  жалпы медицина факультетінің 3,4,5 курс  студенттеріне  «маскүнемдік»  және «нашақорлық» мәселелері және оның салдарын  қарастырып ой алмасуға арналған тәрбиелік мақсаттағы пікір-талас кеші өткізілді.Іс-шараға жалпы медицина факультетінің студенттік  деканаты,жүйке аурулар кафедрасы,»ҚазҰМУ ARLANS» дебат клубы,алмалы ауданына жауапты нарколог маман,алмалы ауданының ІІД НҚК бөлім маманы,жалпы медицина факультетінің 5 курс студенттері қатысты.Жалпы медицина факультетінің 5 курсстуденттері (25 топ) «нашақорлық» мәселелері (26 топ) «маскүнемдік»  мәселелері жөнінде презентациялық слайдтарын ұсынып мәселенің өзектілігі мен таныстрса, кешке арнайы шақырылған  алмалы ауданына жауапты нарколог маман жәнеалмалы ауданының ІІД НҚК бөлім маманы 2013 жылғы статистикалык мәліметтер мен істелген жұмыстар жөнінде баяндады.»ҚазҰМУ ARLANS» дебат клубы және қатысушы студенттер  туындаған мәселе жөнінде ой бөлісіп  шешу жолдарын ұсынды. Кеш қонақтары және қатысушылар осындай іс-шаралардың көп және ауқымды деңгейлерде өткізуге тілек білдірді. Бізде жалпы медицина факультетінің студенттік  деканаты өз тарапымыздан осындай тәрбиелік мақсаттағы іс шаралардың жалғаса беруіне әрқашанда қолдан келгенше үлесімізді қосуға дайынбыз.

 

Жалпы медицина факультетінің студенттік  деканаты