«ТАРИХ- ҒАСЫРЛАР КУӘСІ» — ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АРНАЛҒАНКЕШ

«ТАРИХ- ҒАСЫРЛАР КУӘСІ» — ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АРНАЛҒАНКЕШ

ҚазҰМУнің қабырғасында қараша айының 17-сі күні «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған Қалыпты физиология модулінің жетекшілігімен және ЖМ факультетінің 3 курс студенттерімен ұйымдастырылған кеші өтті. Кештің негізгі мақсатықазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру мен бірге тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу.

Елімізде жастардың патриоттық сезімін барынша күшейту мақсатында бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларды өткізу жөнінде мәселе қарастырылды.

Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында.

Ашық сабақта көрнекілік ретінде тек видеоролитер ғана емес ,патриоттық әндер мен қатар викториналық ойындар, онымен қоса «Отырар» спектаклінен үзінді көрсетілді. Бұдан жасайтын қортынды, Қазақ Ұлттық Медицина Университеттінің  студенттері тек ғылым, білім жағынан ғана емес және же өтте талантты талапкер патриот жас ұрпақ екенін көрсете білді.

                                                              ЖМ факультетінің 3 курс студенті Оразбай Маржан