Дүниежүзілік қарттар күніне арнап «Ашық есік күні» атты қайырымдылық шара ұйымдастырып өткізді. Қайырымдылық шара аясында осы ауруханың дәрігерлерімен бірігіп кәрі және егде жастағы науқастарға аурухананың клинико-диагностикалық бөлімшесінде ақысыз қабылдау жүргізілді. Науқастарды келесі маман — дәрігерлер қабылдады.Олар терапевтер -доцент Умарова С, ассистент Мустафин А.Б., травматолог –травматология және ортопедия кафедрасының профессоры Абакиров М.Д., кардиолог – ассистент Мадиева Р.Ч., уролог — Кадырбеков А, УДТ бөлімшесінің дәрігері Шокаев Д.Ж., ЭКГ-маманы Бижанова А.С. Науқастарды қабылдау сағат 9:00-дан 15:00-ке дейін. Жалпы кеңестік көмек жүрек-қан тамыр, тыныс алу, ас қорыту, несеп шығару және қимыл-тірек жүйелері ауруларына шалдыққан 53 науқасқа көрсетілді. Соның ішінде 40 шақты науқастарға УД- және ЭКГ тексеру жүргізілді.
№4 ҚКА Кеңестік –диагностикалық бөлімшесі
Қабылдауға келген науқастар
Кафедра доценті, мғк Умарова Софья Умаровна науқасты қабылдауда.
Травматология кафедрасының профессоры Абакиров Медетбек Джумабекович науқастың тексерісі бойынша кеңес жүргізіп жатыр.