(KAZ) «Мұқағали – поэзия падишасы» атты іс-шара

Sorry, this entry is only available in KAZ and Russian.

Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының тәлімгерлері Г.Т.Танеева, Қ.Е.Жүзжан және PhD С.Ж.Хайдаров, кураторлық М25-001, 002, 003 және 004 топ студенттері университет деңгейінде ұйымдастырылған «Мұқағали – поэзия падишасы» атты әдеби-мәдени іс-шара жоғары мазмұнды, әсерлі және тәрбиелік мәні зор кеш ретінде өтті. Кеште Мұқағали Мақатаевқа арналған кітап көрмесін ҚазҰМУ-дың Ғылыми кітапхананың Ақпараттық -әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Елеукенова Салтанат Ахмедуллаевна және кітапханашы Гисанова Камшат Абаевналар ұйымдастырды.

Аталған кешке «Медицина мектебі–1» және «Педиатрия» деканатынан декан орынбасарлары арнайы қатысып, студенттердің өнеріне қолдау білдірді. Сонымен қатар «Медицина», «Стоматология» және «Педиатрия» мамандықтарының студенттері белсенді түрде қатысып, өздерінің өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.

Іс-шара барысында ақынның жүрек тебірентер өлеңдері мәнерлеп оқылып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Әсіресе, сахналық қойылымдар кештің шарықтау шегіне айналды деуге болады. Студенттердің шынайы актерлік шеберлігі мен сезімге толы орындаулары арқылы көрермендер Мұқағали Мақатаев пен Фариза Оңғарсынова бейнелерін көз алдына елестетіп, олардың жан дүниесін тереңірек түсінгендей күй кешті. Қойылымдарда ақындардың ішкі сезімі, шығармашылық толғанысы, бір-біріне деген рухани байланысы ерекше әсерлі жеткізілді. Көпшілік тіпті сахнадағы көріністерді тамашалай отырып, Мұқағали мен Фаризаны тірідей көргендей әсер алғандарын жасырмады.

Сонымен қатар, кеш барысында ақын сөзіне жазылған әндер орындалып, жасанды интеллекттіні қолдану арқылы ақынның әдеби монтаждары ұсынылды. Әрбір номер көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, залда ерекше атмосфера қалыптастырды. Студенттердің өнерге деген талпынысы мен шығармашылық ізденісі олардың жан-жақты дамып келе жатқанын айқын көрсетті.