(KAZ) Медицина мектебі студенттерінің жәрмеңкесі!

Извините, этот текст доступен только в “KAZ”.

Медицина мектебінің студенттері ұйымдастырған жәрмеңке — шығармашылықты, белсенділікті және студенттік бастамаларды біріктірген ерекше шара болды.
Жәрмеңке барысында студенттер өз қолдарымен дайындаған түрлі бұйымдар, тәттілер мен қызықты өнімдерін ұсынып, өздерінің кәсіпкерлік және ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті.
Бұл шара студенттерге бір-бірімен тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісіп, университет өміріне белсенді араласуға мүмкіндік берді.
Барша қатысушыларға белсенділіктері мен көтеріңкі көңіл-күйлері үшін алғыс білдіреміз!