С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Медицина мектебіне қарасты кафедралар Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында көтерілген маңызды мәселелерге, соның ішінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға, медицина қызметкерлерін қолдауға және медициналық көмектің сапасын арттыруға ерекше назар аударады.
Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту – жаңа перинаталдық орталықтар мен балалар ауруханаларын салу медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесін нығайтуға ықпал етеді.
Медицина қызметкерлерін қолдау – олардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру және еңбек жағдайларын жақсарту денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуетін нығайтудың маңызды шарты.
Білім мен ғылымды дамыту – ғылыми зерттеулерді қолдау, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану және медициналық білім беру сапасын арттыру білікті мамандар даярлауға жол ашады.
Қоғамдық сананы жаңғырту – заңға құрметті нығайту, жауапкершілікті арттыру және отансүйгіштік құндылықтарды қалыптастыру қоғамның тұрақты дамуының негізі болып табылады.
Медициналық білім беруді жетілдіру, ғылыми зерттеулерді қолдау және ғылым мен практикалық денсаулық сақтау арасындағы байланысты нығайту – білікті мамандар даярлаудың және халық денсаулығын қорғау жүйесін дамытудың маңызды бағыттары.
Дені сау ұлт – ел болашағының кепілі! 







