2026 жылы 13 наурыз күні Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау, студенттердің рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру мақсатында молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының проф. ассист. Қ.Е. Жүзжан «Медицина» мамандығының 1 курс М25-023 топ студенттерінің қатысуымен іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты:
-
Қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау.
-
Жастарды үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.
-
Ұлттық мәдениетке қызығушылықты арттыру.
Іс-шараның барысы:
14 наурыз күні мекемемізде Амал мерекесіне арналған «Көрісу күні» іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар бір-бірімен қол алысып, құшақтасып көрісіп, «Бір жасыңмен!» деп тілек айтты.
Бағдарлама барысында:
-
мерекенің шығу тарихы таныстырылды;
-
ұлттық салт-дәстүрлер туралы мәлімет берілді;
Қатысушылар қазақ халқының ұлттық дәстүрлерімен танысып, мерекелік көңіл-күй алды. Амал мерекесі адамдар арасындағы сыйластық пен бірлікті нығайтатын маңызды дәстүр екені айтылды.


