(KAZ) «ДЕНСАУЛЫҚ-БАЙЛЫҚ НЕГІЗІ»

Извините, этот текст доступен только в “KAZ”.

Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл — күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан.

Патофизиология кафедрасында доцент В.М.Сабырахметова ЖМ 20-009 және ЖМ 20- 010 куратор топтарымен  бүгінгі дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Денсаулық-байлық негізі деп аталатын шара өткізді. Шараға кафедраның оқытушылары қатысты.

Шараның мақсаты: Студенттерге  адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.

Студенттер денсаулық жөнінде презентация көрсетіп, студенттер арасында денсаулыққа байланысты викториналық сұрақ-жауап өткізілді.

Шара соңында кафедраның ассистенті Мейрам Есович студенттерге денсаулық жөнінде өз ойын айтып студенттерге алғысын білдірді.