2026 жылғы 9 қазанда С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Медицина мектебінің 1-курс білім алушыларымен «Толық адам» тұжырымдамасының негізгі құндылықтарына арналған кездесу өтті.
Кездесудің құрметті қонағы — белгілі қазақстандық дәрігер, хирург, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Асхан Смайлович Смайлов болды.
Кездесу барысында қонақ өзінің кәсіби жолы, медицина саласындағы көпжылдық тәжірибесі және ғылыми қызметі туралы әңгімелеп, болашақ дәрігерлерге кәсіби даму, адамгершілік құндылықтар мен таңдаған мамандыққа деген жауапкершіліктің маңызын түсіндірді.
Іс-шара аясында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі маманмен еркін пікір алмасты. Мұндай кездесулер білім алушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға, медицинаға деген қызығушылығын арттыруға және болашақ маман ретінде дамуына ықпал етеді.
Кездесу студенттер үшін тағылымды әрі мазмұнды болды.




