ҚАЗҰМУ МҰРАЖАЙЫ

Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Жалпы медицина» мектебінің 1 курс студенттері тәлімгерлерімен бірге университеттің тарихи мұражайына барды.

ҚазҰМУ тарихи мұражайы 2001 жылы ашылған. Мұражай ежелгі және ортағасырлық медицинаның ұлы қыпшақ Әл-Фарабидің медициналық мұрасы, қазақтың дәстүрлі медицинасын, 19-шы ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі мемлекеттік медицина дамуын, ҚазҰМУ-дың тарихын көрсетеді. Қазіргі уақытта мұражай қорында 55000 астам жәдігерлер сақталған.

Студенттер үлкен рухани әсер және өздеріне тарихи мұралардан көп ақпараттар алды.