Республика Күні

Осыдан жиырмадан астам жыл бұрын әлем картасында Қазақстан Республикасы атты ел пайда болды. Жаңа атау Евразия даласында көсіліп жатқан көне елдің сәнін келтірді.
1990 жылдың 25 қазанында қабылданған мемлекет тәуелсіздігі декларациясында Қазақстан мемлекеттілігінің белгісі болып саналатын территориясының тұтастығына, бөлінбейтіндігіне және Қазақстан халықтарының мәдениеті мен тілдерінің дамуына, ұлттық төлтума болмысына қол сұғушылыққа жол берілмейтіндігі сияқты ұстанымдар тұңғыш рет баса көрсетілді.
Міне дәл осы күні теңдік пен адамдар арасында сыйластық үстемдік ететін азат қоғам құрудың мықты іргетасы қаланған болатын.
Барлық этностардың мүдделерін тоғыстырған және азаматтардың ұлттық тегіне қарамастан құқықтары мен бостандықтарының сөзсіз сақталуын қамтамасыз ететін маңызды элемент Қазақстан халқы Ассамблеясы болды. Бірегей қоғамдық-саяси институт болып табылатын ҚХА өзінің маңыздылығы мен қажеттілігін жүйелі түрде дәлелдеп келеді. Бұл күнде әлемде онымен теңдесетін қоғам жоқ. Қазақстанда тұратын әр ұлттың өзінің тілінде сөйлеуіне, мәдениеті мен дәстүрін дамытуына құқығы бар. Елімізде жүрекке қуаныш пен үміт сыйлатын оң өзгерістер болып жатыр.
Республика күнін мерекелеу аясында 17.10.2022ж. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлтық медицина университінде «Жалпы медицина» мектебі 1 курс студенттерінің қатысуымен Тілдік пәндер, Медициналық құқық, Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедраларының салтанатты отырысы болды. Осы мерекенің тарихына қысқаша шолу жасай отырып, «Жалпы медицина – 1» мектебінің деканы м.ғ.д., доцент С.Х. Измайлова салатанатты түрде кездесу шымылдығын ашты. Ол Қазақстан күнтізбесіндегі бұл датаның Жоғарғы Кеңес сессиясында егемендік туралы Декларацияның қабылдануымен байланысты екенін атап өтті. Осы күннен бастап Қазақстанның шын мәнінде тәуелсіздікке қол жеткізді басталды. Бүгінде елде қуаныш пен үміт ұялататын жақсы өзгерістер болып жатыр. Егемендікке қол жеткізген Республикамыз өміріміздің барлық саласында елеулі табыстарға қол жеткізді. Қазақстан саясат пен экономикадағы мәселелерді дер кезінде шеше отырып ешқандай дүрбеленсіз алға басуда.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қазір әлемнің 120-дан астам мемлекеті мойындап, олардың ішінде 105 елмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Қазір Қазақстанда 100-ге жуық диаспора – басқа халықтардың өкілдері тұрады. Біз әртүрлі ұлттың перзенті болсақ та, бізді бір ана – Отан асырайды. Біз әртүрлі ұлт өкілдеріміз, бірақ тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың достығы, ортақ істері мен ортақ мерекелері – Қазақстан атты үлкен шаңырағымыздың бейбіт те бақытты болашағының кепілі.
Отырыстың құрметті қонағы химия ғылымдарының кандидаты, профессор Қазақстан халықтары Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, «Филия» атты «Қазақстандағы грек қоғамы ассоциациясының» басшысы Иорданиди Георгий Константинович болды. Ол грек халқының тарихы, мәдениеті мен дәстүрі туралы айтып берді. Георгий Константинович грек халқынан шыққан танымал адамдар туралы кітап көрмесін ұсынды. Студенттер бұл тақырыпты үлкен қызығушылықпен тыңдағандықтан, аудиториямен сұхбат мазмұнды әрі ұзақ болды. Модераторлар студенттермен кері байланыс өте белсенді болғанын атап өтті. Студенттер өздерінің сұрақтарына толыққанды жауап алды. Ұйымдастырушылар, білім алушылар мен кафедра ОПҚ-лары бұл іс-шараны көтеріңкі көңіл-күймен өткізді және ҚХА басқа да өкілдерімен жаңа кездесулер болатынына сенімді.