Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының жылдық жоспарына сәйкес ай сайын СҒЗЖ отырысы өткізіледі

Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының жылдық жоспарына сәйкес ай сайын СҒЗЖ отырысы өткізіледі (клникалық база И.Жекенова атындағы ҚКЖАА). ҒЗЖ және СҒЗЖ жауапты проф. Егембердиева Р.А. және асс. Қайдарбек М.

28 сәуірде жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасында СҒЗЖ кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде:

  1. Антральдің АЕБМА емдеудегі тиімділігін зерттеу. Югай С., интерн 2 курс. Ғылыми жетекшілері: Кафедра меңгерушісі, проф. Дүйсенова А.Қ., доц. Садыкова С.С.
  2. Микст-гепатит бойынша клиникалық жағдай. Ботаспаева А.Р., «Ересектер және балалардағы инфекциялық аурулар» мамандығы бойынша резидент 1 – оқу жылы,. Ғылыми жетекші: Доц. Садыкова А.М.
  3. Әр түрлі.

Ғылыми – зерттеу жұмысының нәтижелерімен баяндама жасағандар : ЖТД – 1 бағыты бойынша интернатура 2-курс Югай С. және «Ересектер және балалардағы инфекциялық аурулар» мамандығы бойынша резидент 1 – курс Ботаспаева А. Баяндамалар мазмұнды, танымдық және ғылыми түрде болды.

Қорытындылай  келе, проф. Егембердиева Р.А., жұқпалы және  тропикалық аурулар кафедрасының ПОҚ потенциалы туралы, сонымен қатар студенттердің, интерндердің, резиденттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктері туралы айтты. Егембердиева Р.А. интерндеріміз бен резиденттеріміздің халықаралық конференцияларға қатысуы, олардың жетістіктері туралы айтып өтті. Кафедра қызметкерлері жыл сайын ҒТП ға қатысуға өтініш береді (ЖОО ішілік гранттар, КР БҒМ).  Ағымдағы оқу жылында кафедра ұжымы және резиденттер 2 ЖОО ішілік грантқа қатысуда. Егембердиева Р.А. импакт-фактор бар журналдарда ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша жарияланымдардың болуын атап өтті, студенттерді халықаралық ғылыми студенттік конференцияларға қатысуға және баяндамалар жасауға шақырды.