“Медициналық паразитология” бойынша халықаралық студенттік олимпиада

2 Сәуір 2022 жылы Жалпы медицина-1 мектебі студенттерінің “Медициналық паразитология” бойынша Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында халықаралық студенттік олимпиада өтілді, оған микробиология, вирусология кафедрасының ассистенті Буняева Дарья Владимировнаның жетекшілігімен біздің университетіміздің Жалпы медицина-1 мектебінің 1 курс студеттері:

Джуванышева Калия Марсовна,

Әсентай Маруа Ерұланқызы,

Куджакова Сабина Ерлановна,

Ануарбеков Нұрдос Айдосұлы қатысты.

 

Сондай-ақ, Халықаралық олимпиадаға Қырғызстан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы сынды елдерден командалар қатысты.

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің  Жалпы медицина-1 мектебінің 1 курс студеттері олимпиадаға “Многоклеточные” атты команда болып қатысып, халықаралық студенттік олимпиаданың ұйымдастыру коммитетінен сертификаттармен  және естелік сыйлықтармен марапатталды.