Кафедра тарихы

Қалыпты анатомия кафедрасы 1930 жылы құрылды.  Кафедраның бірінші меңгерушісі медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, республиканың еңбегі сіңген дәрігері П.О.Исаев болды. Бұдан кейінгі жылдары кафедраны басқарғандар: республиканың еңбек сіңірген дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Бөкейханов Хазихан Наушерванұлы (1962-1966), екі рет  ҚазССР денсаулық сақтау министрі, профессор Карынбаев Сибугатулла Рыскалиевич (1966 – 1976 г.г.). Салалық сабақ беру мақсатында үлкен қалыпты анатомия кафедрасы 1976 жылы екіге бөлінді, педиатрия факультеті кафедрасын басқарғандар: профессор С.Р. Қарынбаев (1976-1983 жж.), профессор Ғ.М. Мұсағалиева (1983-1999 жж.), емдеу және стоматология факультеттерінің анатомия кафедрасын басқарғандар: ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Рақышев А.Р. (1976-1986 жж., медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаныбеков Д.Е. (2003-2007 жж.), медицина ғылымдарының докторы, профессор Досаев Т.М. (2007-2008 гг.).  Емдеу және педиатрия факультеттерінің кафедраларын қосқаннан кейін  2011 жылдың 1 маусым айынан 2017 жылдың қыркүйек айына дейін қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі профессор, м.ғ.д. Досаев Т.М. болды, қазіргі уақытта кафедраны 2017 жылдың 4 қыркүйегінен бастап доцент Ахмад Н.С.  басқарады. Қалыпты анатомия кафедрасын эксперименттік хирургиясы бар топографиялық анатомия курсымен қосқаннан кейін, 2020 жылдың тамыз айынан бастап кафедра — Анатомия кафедрасы деп аталады. 2022 жылы кафедра Топографиялық анатомия курсымен біріккен С.Р. Қарынбаев атындағы анатомия кафедрасы болып өзгертілді. 2023 жылы топографиялық анатомия кафедрасының бөлінуіне байланысты «С.Р. Қарынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасы» деп аталады. Бүгінгі таңда кафедра жас оқытушылармен жаңартылды. Қазір уақытта келесі құрам жұмыс істейді: кафедра меңгерушісі Ахмад Н.С., профессорлар: Досаев Т.М., Дюсембаева А.Т.; доценттер: Оразымбетова А.М., Исабекова Т.К., Уважанова А.С.; лекторла : Шакенов Б.Ш., Искиндирова А.М., Байгамысова Д.С., Абилова А.А., Искакова Л.А, Балапанова А.А, Абиырова Н.Б., Пернибекова С.П., Алжанбекова Г.Т., Сыздыков Д.М., Сайдахметова А.Қ.; ассистенттер: Тукибаев Ж.А., Курбаниязова С.С., Келимбетова Ж.Т., Кенбаева С.Р., Турекулова А.С., Қуатбекова А.Қ., Джаманова У.И.;  аға лаборанттар:       Мусаева А.А.;  Тойымбекова Г.Е., Маханова Ж.С.