«Күй анасы Дина»

18 сәуір күні патофизиология кафедрасының меңгерушісі Марина Казыбаевна Балабекова мен доцент Валентина Махсатовна Сабырахметова 3 курс жалпы медицина факультеті және 2 курс стоматология факультетінің студенттерімен «Күй анасы-Дина» тақырыбында Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Мерекелік іс-шараның мақсаты Батыс өңірінің халық композиторы Дина Нұрпейісова туралы толық мәлімет алу, күйді тыңдату арқылы студенттердің эстетикалық талғамын ояту, Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, күйлері туралы мағлұмат беру.

Студенттер арасында күйлер мен ән шырқалды. Дина Нұрпейісованың «Науаи» күйін Исмағүлова Айболған, «Жігер» күйін Рамазан Бекен, «Әсем қоңыр» күйін Тәңірбергенов Орынбасар орындады.

Шара соңында жалпы медицина мектебі-1 бойынша декан орынбасары Жақыпова Қырмызы Баймұхамбетқызы «Күй анасы Дина» жайлы –«Күй- қазақтың бағына біткен дара өнері, қастерлі дүниесі. Ұлы таланттар сан ғасырлық тарихымызды домбыра үні арқылы күй құдіретімен жеткізген. Күй өнері – қазақ халқының ең құнды, бағалы мұраларының бірі. Сол күйдің анасы Дина Нұрпейісова жайлы бүгінгі кеште түрлі мағлұматтар айтылды, ізін жалғастырушы күйшілер де күйлерін тартты деп өз пікірін айтып, студенттерге ризашылығын білдірді.