«Ана тілі Аруы-Жігіт сұлтаны 2021» байқауына зор үлес қосқаны үшін Измайлова С.Х. марапатталуы

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Жалпы жыл бойы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына республика бойынша орта және жоғары оқу орындарында кеңінен аталып өтілуде Осы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің қабырғасында «Ана тілі Аруы – Жігіт сұлтаны 2021 » байқауы ұйымдастырылды. Осы байқауға аса жауапкершілікпен зор үлес қосқаны үшін С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Жалпы медицина-1 мектебі деканы Измайлова Слу Хабибиевна марапатталды.