2026 жылдың 16 қазанында «Биофизика курсымен қалыпты физиология» кафедрасының оқытушысы В.О. Абдрасилова және М26-017к тәлімгерлік тобының студенттері «Ғылым ордасы» ғылыми-музей кешеніне барды. Студенттердің білім беру-танымдық деңгейін арттыру, Қазақстанның тарихы, археологиясы мен ғылымының даму жолымен таныстыру, топ ішіндегі мәдени-патриоттық тәрбиені нығайту және теориялық білімді көрнекі жәдігерлер арқылы толықтыру мақсатында музейдің ғылыми қызметкерлерімен бірге экскурсия алынды.
Кешен ішінде 4 түрлі музей жұмыс істейді:
- Археология музейі — тас дәуірі мен орта ғасырлар аралығындағы бірегей жәдігерлер (соның ішінде «Алтын адам» мен берельлік жылқылардың реконструкциясы) қойылған.
- Табиғат музейі — палеонтологиялық және биологиялық жәдігерлер, соның ішінде динозаврлар мен тарбозаврлардың қаңқалары бар Қазақстандағы жалғыз табиғи-тарихи музей.
- Қазақстан ғылымының тарихы музейі — елдегі ғылымның қалыптасу тарихы мен көрнекті ғалымдар туралы сыр шертеді.
- Сирек кездесетін кітаптар музейі — құнды қолжазбалар мен сирек кітап қорын сақтайды.
Археологиялық музей
Сирек кездесетін кітаптар музейі
Табиғат музейі






