«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» — КІТАППЕН БІРГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ!

2026 жылғы 19 қазанда С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Медицина мектебінде студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және оқу мәдениетін дамыту мақсатында «Кітап оқитын ұлт» бастамасы аясында кітап жәрмеңкесі мен буккроссинг бұрышы ұйымдастырылды.

Іс-шараға Медицина мектебінің 1-курс студенттері, соның ішінде 15 және 16-топ білім алушылары белсенді қатысты.

Жәрмеңкенің арнайы серіктесі — елімізге танымал «Қасым» баспа үйі. Студенттер заманауи бестселлерлермен, көркем әдебиеттермен және құнды басылымдармен танысты.

Іс-шара барысында тәрбие жұмысына жетекшілік ететін проректор мен Медицина мектебінің деканы студенттермен кездесіп, кітап оқудың маңызы, білімді жетілдіру және рухани дамудың құндылығы туралы ой бөлісті.

Бағдарлама аясында кітап клубының таныстырылымы, республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонына тіркелу тәртібімен таныстыру, «Ой бәйгесі» интеллектуалдық викторинасы және кітап алмасу ұйымдастырылды.

с-шараның бас ұйымдастырушысы — Ажибай Нұрдаулет Ерменбекұлы. Оның бастамасы студенттер арасында кітап оқу мәдениетін насихаттауға және университеттің зияткерлік әрі мәдени ортасын дамытуға бағытталды.

Кітап оқиық, ой бөлісейік, бірге дамыйық!