Қазақстан Республикасы күніне орай кітап оқу мәдениетін насихаттау, білім алушылар арасында рухани құндылықтарды дәріптеу және кітапқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында М26-004 топ студенттері арасында «Саған кітап арнадым» челленджі бейне ролик ретінде өткізілді.
Іс-шара барысында студенттер өздері таңдаған кітаптарын жақын адамына, досына немесе топтасына арнап, кітаптың алғашқы бетіне жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жазды. Олар кітапты неліктен таңдағанын түсіндіріп, шығарманың мазмұны мен тәрбиелік маңызы туралы қысқаша пікірлерімен бөлісті. Таңдалған кітаптар адресаттарға сыйға тартылды.
Челленджге М26-004 топ студенттері белсенді қатысып, бір-біріне рухани құндылығы жоғары, танымдық және көркем әдебиеттерді ұсынды. Іс-шара студенттер арасындағы өзара сыйластықты нығайтып, кітап арқылы жақсы тілек білдірудің ерекше мәнін көрсетті.
Челлендж нәтижесінде білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы артып, кітап сыйлау және өзара кітап алмасу мәдениеті насихатталды. Сонымен қатар студенттер кітаптың адам дүниетанымын кеңейтетін, рухани дамуға ықпал ететін құнды сыйлық екеніне назар аударды.
«Саған кітап арнадым» челленджі мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның алға қойған мақсаты орындалды.
Қатысушылар: М26-004 топ студенттері
Топ кураторы: Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының профессор ассистенті Жүзжан Құралай Ермакқызы
Өткізілген күні: «21» қазан 2026 жыл


