Тәуелсіздіктің тұғыры – Республика күні

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы

Іс-шараның тақырыбы: «Қазақстан – егемен ел»
Өткізілген күні: «_21__» ___қазан_______ 2026 жыл
Өткізілген орны: __________________________
Қатысқан топтар: М26-005, М26-006, 0М26-007 және М26-008
Жауапты тәлімгерлер: Шайхымбекова Р.М., Мұстафаева А.Ж.

25 қазан – Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күніне орай С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында М26-005, М26-006, 0М26-007 және М26-008 кураторлық топтарының қатысуымен «Қазақстан – егемен ел» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға Республика күнінің тарихи және қоғамдық маңызын түсіндіру, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу кезеңдері туралы мағлұмат беру, жастардың бойында отансүйгіштік сезімді, азаматтық жауапкершілікті және ұлттық құндылықтарға құрметті қалыптастыру.

Дөңгелек үстел барысында 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның тарихи маңызы талқыланды. Аталған құжаттың Қазақстанның тәуелсіздік алуына негіз болған маңызды саяси-құқықтық қадам екені атап өтілді. Сонымен қатар еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, мемлекеттік рәміздердің мәні, қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың маңызы жөнінде пікір алмасу жүргізілді.

Білім алушылар Республика күнінің тарихына байланысты дайындаған баяндамалары мен таныстырылымдарын ұсынып, еліміздің дамуы, ұлттық бірегейлік, мемлекеттік тіл, патриотизм және жастардың Қазақстан болашағына қосатын үлесі туралы ойларын ортаға салды. Қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, тақырып бойынша белсенді пікір алмасты.

Кафедра тәлімгерлері Шайхымбекова Р.М. мен Мұстафаева А.Ж. білім алушыларды ұлттық мерекемен құттықтап, тәуелсіздіктің құндылығын сақтау, ел тарихын құрметтеу, сапалы білім алу және қоғамның дамуына үлес қосу әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті.

Дөңгелек үстел мазмұнды әрі жоғары тәрбиелік деңгейде өтті. Іс-шара нәтижесінде білім алушылардың Республика күнінің тарихи маңызы туралы түсініктері кеңейіп, елге, жерге және ұлттық құндылықтарға деген құрметі нығая түсті.

Қорытынды: Іс-шара өз мақсатына жетті. Қатысушылар белсенділік танытып, Республика күніне қатысты тарихи мәліметтермен танысты және Қазақстанның болашағы үшін жастардың білімді, жауапты әрі отаншыл болуының маңызын түсінді.