Медицина мектебінің студенттері Санжар Асфендияров көшесін тазарту акциясына қатысты

Бүгін яғни 22 қазан медицина мектебінің 1-курс студенттері, 5 және 6-топ білім алушылары университетіміздің негізін қалаушылардың бірі, көрнекті мемлекет қайраткері әрі ғалым-дәрігер Санжар Асфендияров атындағы көшені тазарту жұмыстарына қатысты.

Студенттер көшені қоқыстан тазартып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.

Мұндай игі бастамалар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, туған қалаға деген жауапкершілігін арттыруға және тазалықты сақтауға тәрбиелейді.Таза қала – жарқын болашақтың кепілі! Әрқайсымыз тазалыққа үлес қосайық!