Наурызнама-2024

2024 жылдың 20-наурыз күні С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Жалпы медицина мектебінің-1 Микробиология, вирусология кафедрасының эдвайзерлік топтарының, атап айтқанда, ЖМ22-007, ЖМ22-008, ЖМ22-010 топтарының 2-курс студенттері, эдвайзерлер, Игисенова А.И., Рысалова Б.Б., Бейсегулова Г.Н., Угышова Ш.Е.«Наурызнама-2024» мерекелік онкүндігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес челледжін Ұлттық билер күніне орай «Қара жорға» биімен жалғастырды. Қара жорға – бiртұтас желiге құрылған, бiрнеше бөлiмнен тұратын, берiк композициялы, нағыз буын биi.