«Клиникалық тәжірибедегі геномдық және генетикалық технологиялар» республикалық конференциясына қатысу туралы

2026 жылғы 3–4 маусым күндері Медициналық генетиктер қауымдастығы РҚБ президенті Г.С. Святованың ұйымдастыруымен өткен «Клиникалық тәжірибедегі геномдық және генетикалық технологиялар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және ЖММ-1 деканы С.Х.Измайлова қатысты.

Конференция геномдық медицина, медициналық генетика, молекулалық диагностика және заманауи генетикалық технологияларды клиникалық тәжірибеге енгізу мәселелеріне арналды. Іс-шараға Қазақстанның жетекші ғалымдары мен дәрігерлері, сондай-ақ шетелдік сарапшылар қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Конференция барысында әртүрлі елдерден келген спикерлер онлайн және офлайн форматта баяндама жасап, медициналық генетика саласындағы соңғы ғылыми жетістіктерді, инновациялық зерттеу нәтижелерін және клиникалық практикада қолданылатын заманауи технологияларды таныстырды. Қатысушылар геномдық диагностика, тұқым қуалайтын ауруларды ерте анықтау, генетикалық кеңес беру, сирек кездесетін ауруларды диагностикалау және дербестендірілген медицина бағыттары бойынша құнды ақпарат алды.

Шетелдік және отандық мамандардың баяндамалары тәжірибе алмасуға, халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға және медициналық генетика саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Конференция аясында қатысушылар клиникалық жағдайларды талдау, генетикалық зерттеу әдістерін жетілдіру және заманауи диагностикалық платформаларды пайдалану бойынша өзара пікір алмасты.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы конференция барысында ұсынылған ғылыми жаңалықтар мен тәжірибелік білім беру үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіруде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Аталған конференцияға қатысу кафедра қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, халықаралық тәжірибені зерделеуге және геномдық медицина саласындағы заманауи бағыттарды оқу үдерісіне енгізуге мүмкіндік берді.

Конференция барысында кафедраның ғылыми атағы бар қауымдастырылған профессор С.К. Альмухамбетова баяндамашыларға кәсіби сұрақтар қойып, ғылыми пікірталастарға белсенді қатысты. Әсіресе халықаралық сарапшылардың геномдық медицина мен молекулалық диагностиканың заманауи жетістіктері туралы баяндамалары үлкен қызығушылық тудырды. С.К. Альмухамбетова конференциядан ерекше әсер алғанын, ұсынылған ғылыми жаңалықтар мен клиникалық тәжірибелердің білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарына енгізу үшін аса құнды екенін атап өтті. Бұл конференция оның кәсіби көкжиегін кеңейтіп, халықаралық тәжірибемен танысуына мүмкіндік берді.

 Қорытынды: Конференция жоғары ғылыми және тәжірибелік деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға кәсіби білімдерін жетілдіруге, тәжірибе алмасуға және медициналық генетика саласындағы заманауи үрдістермен танысуға зор мүмкіндік берді.