Денсаулық – өмір кепілі

«Тұрақты даму мақсаттары»  концепциясының 3 мақсатында денсаулықты күту керектігі айтылады «Денсаулық – өмір кепілі» атты тақырыпта студенттермен  бірге дөңгелек стол Мед23-030 тобымен профессор Ә.Н.Нұрмухамбетов атындағы Патологиялық физиология кафедрасының лекторы Терликбаева Г.А өткізілді.

Ұлт денсаулығы – мемлекеттің күші! Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы.
БҰҰ-ның «тұрақты даму мақсаттары»концепциясының 3 мақсатында денсаулықты күту керектігі айтылады.Демек,барша адамзаттың денінің саулығы басты байлығы. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының жарғысында «Денсаулық — физикалық ақаудың, аурудың болмауы ғана емес, адамның физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік тұрғыдағы толыққанды белсенділігі» ретінде түсіндіріледі. Денсаулықтың да дұрыс болуы үшін белсенді өмірдің маңызы зор. Спорт – денсаулық кепілі. Спорт деген тек спортшылардың ғана емес, күллі адамзаттың өмірінде орын алуы шарт. Денсаулық — адам өмірінің тірегі. Онсыз емін-еркін өмір сүре алмайсың.
Денсаулық — тек жеке бастың ғана емес, ұлтымыздың да ұлы игілігі. Соны ескере отырып, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылайық.