Қарты бар үйдің – қазынасы бар

«Қарты бар үйдің – қазынасы бар» атты тақырыпта студенттермен бірге тұрақты даму мақсатын насихаттауда (ЦУР)  дөңгелек стол СТ24-001 тобымен профессор Ә.Н.Нұрмухамбетов атындағы Патологиялық физиология кафедрасының лекторы Терликбаева Г.А өткізілді. Қарт жүрген жер — береке» дейді дана халқымыз. Ата-әжелеріміз бар үй әрқашан ынтымақ пен берекеге толы емес пе? Үйімізден қонақ та үзілмей,әр күніміз мерекеге айналады. Сол кісілермен бірге бір дастарқан басында отырып, шер тарқасқанның өзі бір ғанибет қой. Төріміздегі қарттарымыз – шаңырақтың шаттығын сақтап, айрандай ұйытып отыратын кеңесшілеріміз.