«Академиялық адалдық – сапалы білім негізі»: Микробиология, вирусология кафедрасында маңызды кездесулер өтті

Желтоқсан айында эдвайзерлер Мусаева А.А. және Нургазина Г.С. өздерінің эдвайзерлік топтарында «Адалдық сағаты» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. Іс-шара барысында студенттерге академиялық адалдық, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әділдік пен жауапкершілік қағидалары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, студенттермен еркін пікір алмасу ұйымдастырылып, адалдықтың қоғамдағы және білім беру жүйесіндегі маңызы жан-жақты талқыланды.

Наурыз айында эдвайзерлер Угышова Ш.Е. және Асқар Г.Х. эдвайзерлік топ студенттерімен «Адалдық сағаты» аясында кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында адалдық, парасаттылық және әділеттілік құндылықтарын дәріптеу болды. Іс-шара барысында өмірлік мысалдар келтіріліп, студенттердің белсенді қатысуымен сұрақ-жауап және ашық талқылау ұйымдастырылды.

Сәуір айында эдвайзерлер Игисенова А.И., Бейсегулова Г.Н., Буняева Д.В. және Айтимова Д.Н. өздерінің эдвайзерлік топтарында «Адалдық сағатын» өткізді. Тәрбие сағатында студенттерге академиялық мәдениет, құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, студенттер адалдықтың адам өміріндегі рөлі туралы өз ойларымен бөлісіп, іс-шара жоғары тәрбиелік деңгейде өтті.

Осындай тәрбиелік бағыттағы кездесулер студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, әділдік пен жауапкершілік құндылықтарын нығайтуға және болашақ мамандардың рухани-адамгершілік дамуына оң әсерін тигізеді.

Аталған іс-шаралар БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының ішінде 4-мақсат – «Сапалы білім беру» және 16-мақсат – «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» бағыттарына сәйкес келеді. Іс-шаралар аясында студенттер арасында академиялық адалдықты қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту және әділдік қағидаларын насихаттау жүзеге асырылды.