Ақпан айында студенттердің патриоттық санасын қалыптастыру, мәдени құндылықтарға қызығушылығын арттыру және рухани-адамгершілік тәрбиені күшейту мақсатында тәрбиелік жұмыстар жүйелі түрде жүргізілді. Аталған бағыт аясында эдвайзерлер Бейсегулова Г.Н. және Айтимова Д.Н. өздерінің эдвайзерлік топтарының студенттерімен бірге Алматы қаласындағы театрға экскурсия ұйымдастырды.
Бейсегулова Г.Н. жетекшілік еткен топ «Ақын…Періште…Махаббат…» спектаклін тамашалады, ал Айтимова Д.Н. жетекшілік еткен топ «Сыған серенадасы» спектаклін көрді. Театр қойылымдары студенттерге көркем өнердің тәрбиелік мәнін терең түсінуге, сахналық мәдениетпен танысуға және ұлттық әрі жалпыадамзаттық құндылықтарды салыстыра отырып қабылдауға мүмкіндік берді. Қойылымдардағы мазмұн арқылы студенттер адамгершілік, махаббат, жауапкершілік, адалдық және өмірлік құндылықтар туралы ойларын кеңейтіп, эстетикалық талғамын қалыптастырды. Сонымен қатар театр өнері жастардың мәдени ортаға бейімделуіне, сыни ойлау қабілетінің дамуына және рухани дүниетанымының кеңеюіне оң ықпал етті.
Мұндай мәдени-танымдық іс-шаралар студенттердің жалпы білім беру процесін толықтырып, олардың тұлғалық дамуына жағдай жасайды. Осы бағыттағы жұмыстар Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – «Сапалы білім беру» аясында жүзеге асырылып, білім алушылардың жан-жақты дамуына, мәдени сауаттылығының артуына және тәрбиелік деңгейінің жоғарылауына ықпал етеді.








