Жыл сайын 7-сәуірде аталып өтетін Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай «Биофизика курсымен қалыпты физиология» кафедрасының оқытушылары Н.М. Алмабаева, В.О. Абдрасилова тәлімгерлік топтар және университет студенттерінің қатысуымен ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында асық атудан және қол күресінен жарыс өткізді. Жарыс 7-оқу ғимаратының алдында ұйымдастырылды. Жеңіске жеткен және жарысқа белсене қатысқан студенттерге сыйлықтар табысталды.












