05.12.2020 ж. анатомия кафедрасының ҒСҮ-мен ұйымдастырылған  ҚазҰМУ және анатомия кафедрасының 90 жылдығына арналған студенттік ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы өтті

АНАТОМИЯ КАФЕДРАСЫНДАҒЫ СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

05.12.2020 ж. анатомия кафедрасының ҒСҮ-мен ұйымдастырылған  ҚазҰМУ және анатомия кафедрасының 90 жылдығына арналған студенттік ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы өтті. Конференция кафедра оқытушылары, шақыртылған құрметті қонақтар және «Жалпы медицина» мен «Педиатрия» мамандықтарының 1,2 курс студенттерінің қатысуымен  өткізілді.

«Анатомияның көрнекті тұлғалары» атты конференцияның мақсаты кафедраның ашылуынан бастап осы уақытқа дейінгі ғалым-анатомдардың өмірі мен атқарған қызметін зерттеу және осы туралы ақпараттармен алмасу. Университеттің, анатомия кафедрасының тарихы және анатомияны дамытуға елеулі үлес қосқан ғалым-анатомдарының өмірі мен қызметі туралы баяндамалар тыңдалды.

Конференцияны анатомия кафедрасының меңгерушісі Ахмад Н.С. ашты, жалпы 10 баяндама тыңдалды және барлық қатысушыларға сертификат табысталды. Конференцияның соңында профессорлар Т.М. Досаевқа, ЖЕ. Жаныбековке және С.Н. Романюкке сөз берілді.

Дайындаған: кафедраның СҒЗЖ жауапты Дәрмен Н.Ж.