Тәуелсіздік мерекесі және университетіміздің 90 жылдық мерей тойына арналған Жалпы медицина-1 мектебіне қарасты келесі марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!

Тәуелсіздік мерекесі және университетіміздің 90 жылдық мерей тойына арналған Жалпы медицина-1 мектебіне қарасты келесі марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!

Көк байрағы желбіреген,

Абыройлы да айбынды,

Беделді де берекелі,

Ынтымағы мен бірлігі

Жарасқан еліміздің

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

“Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi” кеуде белгiсiмен Биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Рыспекова Шынар Ордахановна марапатталды.

Университеттің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін микробиология және вирусология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор –  Рамазанова Бахыт Аманулловна – «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің АЛТЫН медалімен марапатталды».

Университеттің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін Биофизика курсымен Қалыпты физиология кафедрасының лекторы Умирбекова Замзагуль Климовна «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ҚОЛА медалімен марапатталды»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесіне орай азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін Қазақстан тарихы және әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі, социология ғылымдарының кандидаты, доцент Нагайбаева Зауреш Арыстамбековнаға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінен  Алғыс жарияланды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесіне орай азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін Жалпы медицина-1 мектебінің бас маманы Мукашева Марал Сакеновнаға  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінен  Алғыс жарияланды.

 

Аспанымыз ашық, еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!