Бұл конференцияда биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасының оқытушылары: физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Г.Е. Байдуллаева, доктор PhD, қауымдастырылған профессор Г.К. Нуртаева, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, ассистент Г.З. Қурманованың жетекшіліктерімен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің «Медицина» және «Педиатрия» мамандықтарының 1 курс студенттері секциялық баяндамаларда ғылыми мақалаларын ұсынды.
Медицина және денсаулық сақтау факультетінде «Салауатты өмір салтының, дене шынықтырудың, спорттың және спорттық медицинаның теориялық және практикалық аспектілері» cекциясында М25-009 тобының студенттері Мұстафа Бүбіфатима, Ташен Ерасыл, Мұхитова Мира, Қайрат Нұрай баяндамалар жасап, 3-ші жүлделі орынға ие болды. М25-009 топ студенттері: Баймұрат Шұғыла, М25-007 Избасар Гулбану кәсіби шеберлік көрсетіп грамотамен марапатталды.
Биология және биотехнология факультетінде “Биофизика, физиология, биологиялық білім, биомедицина және нейроғылымның қазіргі заманауи мәселері секциясында М25-007 топ студенттері: Еркінқызы Назерке, Байболат Дина, Қанатов Ерғанат, Жақсылық Дария, Байбатыр Інжу; сонымен қатар М25-044 топ студенттері: Мамыт Алина, Қалмет Әрсен, Наурызбай Елжан, Рахимжанов Рахимжан баяндама жасап, кәсіби шеберлік көрсетіп грамотамен марапатталды.
Студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз және оларға оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарында табыс тілейміз!





