Форумның ұйымдастырушылары: С.Р. Қарынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі Ахмад Н.С.- қауымдастырылған профессор , Исабекова Т.К., лектор Кенбаева С.Р., ассистент Сүлейменова А.Ж. және профессор ассистенті Сыздықов Д.М.
Форумның негізгі мақсаты:
- студенттерді, жас ғалымдарды және оқытушыларды біріктіру:
- анатомияның теориялық және практикалық білімдерін тереңдету;
- іргелі анатомияны клиникалық пәндермен біріктіру;
- зерттеу дағдыларын дамыту;
- кәсіби және академиялық ынтымақтастықты дамыту.
Форум гибридті форматта (онлайн және офлайн), үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті.
Форумның жүргізушілері: Кусаин Дильназ —1 курстың (25-005қ топтың), Ажибай Нұрдаулет —2 курсттың (24-009қ топтың) «Медицина» факультеттің студенттері.
Форумды С.Р. Қарынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі Ахмад Н.С. құттықтау сөзімен ашты.
Құттықтау сөздерін сонымен қатар:
Әлеуметтік жұмыс және цифрландыру жөніндегі проректоры-Датхаев Ү.М., №1 Жалпы медицина мектебінің деканы-Измайлова С.Х., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Медицина және денсаулық сақтау» факультетінің м.ғ.қ., қауымдастырылған профессоры – Исаханова Д.Е., Каспий халықаралық медицина мектебінің директорының орынбасары, профессоры-Жолдыбаева А.А., Талғар медициналық колледжінің директоры – Құдабаев Б.А., Сәтпаев атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу техникалық университетінің медицина ғылымдарының докторы, профессоры -Достанова С.Х., ҚазҰМУ виварийінің меңгеруші- Рахишева З.А. сөз сөйледі.
Көрнекті академик, профессор, анатом А. Р. Рақышев туралы өз естеліктерімен бөлісті:
С.Р. Қарынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасының профессоры-Дюсембаева А.Т., С.Р. Қарынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасының профессор ассистенті-Шәкенов Б.Ш.
Форумға Қазақстанның жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарынан 14 баяндамаушылар— студенттер мен жас ғалымдар (35 жасқа дейін) қатысты.
Баяндамалар төрт номинация бойынша ұсынылды:
- «Анатомиядан клиникаға жол ашушы»
- «Анатомияны замануи деңгейге көтеруші»
- «Қазақша терминдерді дамытушы»
- «Анатомияны терең зерттеуші»
Қазылар алқасының құрамында: Ахмад Н.С., Исаханова Д.Е., Жолдыбаева А.А. және Исабекова Т.К. болды.
Қазылар алқасының төрағасы қалыпты анатомия кафедрасының профессоры Т.М. Досаев болды.
Баяндамашылардың ғылыми жұмыстарын бағалау нәтижесінде орындар келесідей бөлінді:
«Анатомиядан клиникаға жол ашушы» номинациясында:
1-орын – Алшынбай Ж.Ф.
2-орын – Исмуханова Б.С.
3-орын – Yadav Anshul.
«Анатомияны замануи деңгейге көтеруші» номинациясында:
1 орын – Нури А.Ю., Дауылбай Н.М.
2 орын – Сейдханов Д.А., Насыров И.Р., Якуп Ш.Д.
3 орын – Қуандық А.Н.
«Қазақша терминдерді дамытушы» номинациясында:
1 орын – Авдыкова А.Б.
2 орын – Каньева А.М.
3 орын – Ергешбаева Э.О.
«Анатомияны терең зерттеуші» номинациясында:
1 орын – Dashrath Singh
2 орын – Маратқызы Камила;
2 орын- Hadiya Reyaz Rather, Renum Fatima
3 орын – Insha Fatima, Iqra Armish
3 орын – Абдразақ Н.О.
Барлық жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.
Қорытынды құттықтау сөздерін қазылар алқасының төрағасы-профессор Т.М. Досаев және С.Р. Қарынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасының меңгеруші Н.С. Ахмад айтты. Форум аяқталғаннан кейін қатысушылар үшін С.Р. Қарынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасының мұражайлары бойынша экскурсия және естелік фотосессия ұйымдастырылды.
Сонымен, форум студенттер мен оқытушылар арасында тәжірибе алмасуға, сондай-ақ анатомия және клиникалық пәндерге деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті. Қалыпты анатомия кафедрасы ұйымдастырушы ретінде барлық қатысушыларға, академиялық жетекшілерге, қазылар алқасына және оқытушылар құрамына форумды ұйымдастыруға белсенді қатысқаны және көмек көрсеткені үшін терең алғысын білдіреді.























