«С.Ж. Асфендияров атындағы мұражаймен1-курс студенттерін таныстыру» ЕСЕБІ

«С.Ж. Асфендияров атындағы оқу орнында темекі шегуге болмайды» тақырыбындағы тәрбие сағатының есебі

Өткізілген күні: 2026 жылғы қыркүйек
Топтар: М26-003 – М26-014 аралығындағы Жауапты кураторлар Р.М.
Шайхымбекова, Қ.Е. Жүзжан, С.Б Ерханова

Іс-шара түрі: Кураторлық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «С.Ж. Асфендияров атындағы оқу орнында темекі шегуге болмайды»

Іс-шараның мақсаты

Білім алушылар арасында темекі және электрондық темекі өнімдерін қолданудың алдын алу, университеттің ішкі тәртіп талаптарын сақтау қажеттілігін түсіндіру, білім алушылардың жауапкершілігін арттыру және оқу орнында қауіпсіз әрі салауатты білім беру ортасын қалыптастыру.

Іс-шараның өту барысы

С.Ж. Асфендияров атындағы оқу орнында М2-003 және М26-012 топтарының білім алушылары арасында «С.Ж. Асфендияров атындағы оқу орнында темекі шегуге болмайды» тақырыбында кураторлық тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатын өткізуге университеттің Ішкі бақылау басқармасынан келіп түскен ақпарат негіз болды. Аталған ақпаратта университетке қарасты оқу, әкімшілік және өзге де ғимараттар мен корпустардың дәретхана бөлмелерінде білім алушылардың темекі және электрондық темекі шеккен фактілері анықталғаны туралы айтылған.

Осыған орай М2-003 және М26-012 топтарының білім алушыларына университеттің белгіленген ішкі тәртіп талаптарын сақтау бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тәрбие сағаты барысында білім алушыларға университет аумағында темекі және электрондық темекі өнімдерін пайдалануға жол берілмейтіні түсіндірілді. Сонымен қатар оқу орнының ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қоғамдық орындарда тәртіп нормаларын бұзбау және университет аумағында белгіленген талаптарды орындау қажеттілігі ескертілді.

Білім алушыларға темекі өнімдері мен электрондық темекінің адам денсаулығына тигізетін кері әсері туралы ақпарат беріліп, зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді.

Қорытынды

Тәрбие сағаты барысында білім алушыларға университеттің ішкі тәртіп талаптарын сақтау және темекі мен электрондық темекіні университет аумағында пайдалануға жол бермеу туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара нәтижесінде білім алушыларға университеттің белгіленген тәртіп талаптарын сақтау, оқу орнында тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету және салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі ескертілді.

Кураторлар:
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушы-кураторлары.

Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы