Іс-шараның тақырыбы: «С.Ж. Асфендияров атындағы мұражаймен танысу»
Қатысушылар: 1-курс студенттері
Топтар: М26-003, М26-004, М26-007, М26-008, М26-010, М26-011
Жауапты кураторлар: Қ.Е. Жүзжан, Р.М. Шайхымбекова, А.Қ. Нургалиева
Іс-шараның мақсаты
Бірінші курс студенттерін С.Ж. Асфендияров атындағы мұражайдың тарихымен таныстыру, университеттің қалыптасу және даму жолы туралы түсініктерін кеңейту, студенттердің тарихи-танымдық қызығушылығын арттыру, ұлы тұлғалардың өмірі мен еңбегін насихаттау және білім алушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру.
Іс-шараның өту барысы
2026 жылдың қыркүйек айында 1-курс студенттерінің қатысуымен С.Ж. Асфендияров атындағы мұражайды таныстыру ұйымдастырылды.
Мұражайды таныстыру барысында М26-003, М26-004, М26-007, М26-008, М26-009 және М26-010 топтарының студенттері қатысты. Студенттерді мұражайға апарып, іс-шараның ұйымдастырылуы мен тәртібін қамтамасыз етуді кураторлар Қ.Е. Жүзжан, Р.М. Шайхымбекова және А.Қ. Нургалиева жүзеге асырды. Таныыысу барысында студенттер университет тарихына, С.Ж. Асфендияровтың өмірі мен ғылыми-педагогикалық қызметіне байланысты тарихи мәліметтермен танысты. Мұражайдағы экспозициялар, тарихи құжаттар, фотосуреттер және басқа да құнды материалдар көрсетіліп, олардың маңызы түсіндірілді.
Студенттер мұражайдағы тарихи жәдігерлерге қызығушылық танытып, университеттің қалыптасу кезеңдері мен медицина саласының дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы жаңа ақпараттар алды. Экскурсия барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті мәліметтермен толық танысты.
Іс-шара барысында студенттерге университет тарихын құрметтеу, білім мен ғылымның қоғам дамуындағы маңызын түсіну, тарихи мұраны сақтау және ұрпақтар сабақтастығын жалғастырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Қорытынды
С.Ж. Асфендияров атындағы мұражайға ұйымдастырылған танымдық тәрбие сағатында өз мақсатына жетті. Іс-шара барысында 1-курс студенттері университет тарихы мен С.Ж. Асфендияровтың ғылыми-педагогикалық қызметі туралы танымдық ақпарат алып, тарихи-мәдени құндылықтармен танысты.
Мұражайға бару студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, университетке деген құрмет сезімін қалыптастыруға және олардың тарихи санасын дамытуға ықпал етті.



