«Кітап оқитын ұлт» акциясы аясында өткізілген видео-челлендж туралы ЕСЕП

2026 жылғы 16 қыркүйекте білім алушылар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқырман мәдениетін қалыптастыру және кітап оқуды насихаттау мақсатында «Кітап оқитын ұлт» акциясы аясында видео-челлендж ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға «Жалпы медицина» мамандығының М26-007 және М26-008 академиялық топтарының білім алушылары қатысты. Видео-челлендж топ кураторларының ұйымдастыруымен өткізілді.

Челлендж барысында білім алушылар өздері оқыған және ерекше әсер қалдырған кітаптарын таныстырып, олардың мазмұны мен маңызы туралы қысқаша ой-пікірлерімен бөлісті. Бейнеролик дайындау кезінде білім алушылардың шығармашылық қабілеттері мен кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінді.

Іс-шара барысында білім алушылар көркем әдебиет, танымдық және кәсіби бағыттағы әдебиеттерді оқудың маңыздылығы туралы өз пікірлерін білдірді. Сонымен қатар кітаптың адамның дүниетанымын кеңейтуге, ойлау қабілетін дамытуға және білімін жетілдіруге ықпалы атап өтілді.

Іс-шараның мақсаты: білім алушылар арасында кітап оқуды насихаттау, тұрақты оқу дағдысын қалыптастыру, пайдалы әдебиеттермен бөлісу және жастардың рухани-танымдық дамуына ықпал ету.

Іс-шараға қатысушылар:

  • «Жалпы медицина» мамандығының М26-007 академиялық тобы;
  • «Жалпы медицина» мамандығының М26-008 академиялық тобы.

Жауапты куратор: Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының лекторы: Шайхымбекова Раушан Муханбетовна

Қорытынды:
«Кітап оқитын ұлт» акциясы аясында ұйымдастырылған видео-челлендж өз мақсатына сай өткізілді. Білім алушылар белсенділік танытып, өздері оқыған кітаптарымен бөлісті. Іс-шара кітап оқуға қызығушылықты арттыруға, білім алушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыруға және кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіруге мүмкіндік берді.

Видео-челлендж барысында дайындалған бейнероликтер білім алушылардың белсенділігін көрсетіп, кітап оқуды насихаттауға бағытталған тәрбиелік іс-шара ретінде өз нәтижесін көрсетті.

Видео  төмендегі адресте жарияланды.

https://www.instagram.com/kaznmu_molbiol_medgen?utm_source=qr&stkn=enpmbjdtOHZ3MGx0