2026 жылғы 16 қыркүйекте білім алушылар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқырман мәдениетін қалыптастыру және кітап оқуды насихаттау мақсатында «Кітап оқитын ұлт» акциясы аясында видео-челлендж ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға куратор молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы, профессордың ассистенті Жүзжан Құралай Ермакқызы және «Медицина» мамандығының М26-004 және М26-003 академиялық топтарының білім алушылары қатысты.
Видео-челлендж топ кураторларының ұйымдастыруымен өткізілді.
Іс-шара барысында студенттер өзін-өзі дамыту, көшбасшылық, адам психологиясы, дәрігердің кәсіби жауапкершілігі, адамгершілік және өмір құндылығы тақырыптарындағы кітаптар туралы ойларымен бөлісті.
Атап айтқанда, Джеймс Клирдің «Атомдық әдеттер», Генри Марштың «Не навреди», Дейл Карнегидің «Дос табу және адамдарға ықпал ету өнері», Пол Каланитидің «Өлімге қарамастан өмір», Хэл Элродтың «Ертеңгілік ғажайып» және Виктор Франклдың «Адамның мән іздеуі» шығармалары талқыланды.
Студенттер кітап оқу барысында жақсы әдет қалыптастыру, күнделікті кішігірім қадамдардың маңыздылығы, көшбасшылық пен жауапкершілік, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, пациентке адам ретінде қарау, дәрігердің кәсіби және адамгершілік қасиеттері, сондай-ақ өмірдің құндылығы туралы маңызды ойлар түйгендерін атап өтті.
Іс-шара студенттердің кітап оқуға қызығушылығын арттырып, олардың өзін-өзі дамытуына, сыни ойлауына және болашақ кәсіби қызметінде адамгершілік құндылықтарды ұстануына ықпал етті.
