«Кітап оқитын ұлт» акциясы аясында өткізілген видео-челлендж

«Кітап оқитын ұлт» жалпыұлттық акциясы аясында өткізілген видео-челлендж

2026 жылғы 17 қыркүйекте Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының кураторы Г.Т. Танеева «Кітап оқитын ұлт» жалпыұлттық акциясы аясында Медицина мамандығының 1-курс М26-001 және М26-002 топ студенттері арасында Михаил Булгаковтың «Жас дәрігердің жазбалары» атты шығармасына арналған шолу-видео челленджі ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың рухани-адамгершілік және кәсіби құндылықтарын қалыптастыру, сондай-ақ болашақ дәрігерлердің көркем және кәсіби әдебиеттерге деген қызығушылығын дамыту.

Видео челлендж барысында студенттер Михаил Булгаковтың «Жас дәрігердің жазбалары» шығармасының мазмұнымен танысып, кітапқа өздерінің қысқаша шолуларын дайындады. Студенттер шығармада көрініс тапқан жас дәрігердің кәсіби қызметінің алғашқы кезеңдері, медициналық тәжірибеде кездесетін қиындықтар, дәрігердің жауапкершілігі, кәсіби шеберліктің қалыптасуы және пациентке деген адамгершілік қарым-қатынас мәселелері бойынша өз ой-пікірлерін білдірді.

Шолу барысында студенттер шығармадағы өздеріне ерекше әсер қалдырған оқиғалар мен кейіпкерлерге тоқталып, кітаптан алған әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар, болашақ дәрігер ретінде кәсіби білім мен тәжірибенің, жауапкершіліктің, батылдықтың және адамгершілік қасиеттердің маңыздылығын атап өтті.

Видео форматындағы шығармашылық жұмыс студенттердің кітап мазмұнын талдау, өз ойын жүйелі түрде жеткізу, көпшілік алдында сөйлеу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді. Іс-шара студенттердің оқырмандық мәдениетін қалыптастыруға және олардың кәсіби маман ретінде тұлғалық дамуына оң ықпал етті.

Қорытынды:
«Кітап оқитын ұлт» жалпыұлттық акциясы аясында ұйымдастырылған Михаил Булгаковтың «Жас дәрігердің жазбалары» шығармасына арналған шолу-видео челленджге М26-001 және М26-002 топ студенттері қатысты. Іс-шара барысында студенттер кітапқа шолу жасап, шығарма мазмұны бойынша өз ойларын ортаға салды. Өткізілген іс-шара студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, рухани-адамгершілік және кәсіби құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік жұмыстың тиімді формаларының бірі болды.

Видео  төмендегі сілтеме бойынша жарияланды.