Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйіне саяхат

Алаш қозғалысының рухани көсемі, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы, қоғам қайраткері, ақын, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО аясында  халықаралық деңгейде атап өтілуіне байланысты,   16,17 ақпан 2022 ж. күні «Жалпы медицина» мамандығының 21-003 және 21-004 топ студенттерімен кураторлар: Г.Т. Танеева, Ә.Қ. Қыдырбаевалар  ұлы қайраткердің мұражай-үйінде болып, өміріне қатысты деректермен танысып қайтты.

Төрт бөлмеден тұратын мұражайдағы ең үлкен әрі жарық екі бөлмеде Байтұрсынұлының отбасына және замандас достарына қатысты құнды мағлұматтардың түпнұсқасы мен көшірмесі және тұрмыс тіршілігі мен шығармашылығына байланысты экспонаттарымен топ студенттері мен кураторлар таныстырылды. Студенттер мұражайдағы тарихи тұлғаның көзі тірісінде қолы тиіп, кәдесіне жаратқан бұйымдарды көзбен көріп, ерекше әсер алып қайтты.